Otpan News Logo

Бейнеу ауданының Құрметті азаматы жұбайымен бірге дауыс берді

|
29.11.2026 15:52
Бейнеу ауданының Құрметті азаматы жұбайымен бірге дауыс берді

Бейнеу ауданының Құрметті азаматы, мемлекеттік қызмет саласының ардагері Аманқұл Ұлықбанов жұбайымен бірге №116 сайлау учаскесіне келіп, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында өз таңдауын жасады.


Ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызмет саласында абыройлы еңбек етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан Аманқұл Ұлықбановтың жұбайымен бірге сайлауға қатысуы – азаматтық белсенділіктің айқын көрінісі. Өмірлік тәжірибесі мол ардагердің қоғамдық-саяси науқанға қатысып, өз таңдауын жасауы өскелең ұрпаққа үлгі.

62
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!