Otpan News Logo

Білім саласының ардагері Нұрия Омарова өз таңдауын жасады

|
29.11.2026 17:20
Білім саласының ардагері Нұрия Омарова өз таңдауын жасады

Жақында Мемлекет басшысының қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалін алған білім саласының ардагері Нұрия Омарова өз таңдауын жасап, сайлауға қатысты.


Өмірінің саналы бөлігін ұрпақ тәрбиесіне арнаған Нұрия Омарова зейнет жасына дейін орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп, талай шәкірттің білім нәрімен сусындауына үлес қосты. Білікті ұстаз ретінде оқушылардың білімді, тәрбиелі азамат болып қалыптасуына еңбек сіңірді.


Ұстаздық жолдағы адал еңбегі мен қоғамға қосқан үлесі мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталуы – соның айқын дәлелі.


Бүгінде ел болашағына бейжай қарамайтын ардагер ұстаз азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетіп, өз таңдауын жасады.

55
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!