Otpan News Logo

«Қара бура» дауыс берді

|
29.11.2026 18:01
«Қара бура» дауыс берді

Қазақ күресінен әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан чемпионы, «Қазақстан Барысы» турнирінің күміс жүлдегері, «Дала қыраны» титулының иегері Нұрдәулет Жарылғапов Ақжігіт ауылындағы сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.


Ел арасында «Қара бура» атымен танылған балуан өз таңдауынан кейін сайлаудың маңызына тоқталып, азаматтық жауапкершілік туралы пікір білдірді.

«Сайлау – елдің болашағына әсер ететін маңызды қадам. Әр азамат өз таңдауын жасап, ел дамуына үлес қосуы керек деп ойлаймын», – деді Нұрдәулет Жарылғапов.

Спорттағы жетістіктерімен ел мерейін асқақтатып жүрген балуанның азаматтық белсенділігі де көпшілікке үлгі.

15
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!