Otpan News Logo

Маңғыстауда сайлау заң талаптарына сай өтіп жатыр – Елубай Әбілов

|
29.11.2026 16:24
Маңғыстауда сайлау заң талаптарына сай өтіп жатыр – Елубай Әбілов

Маңғыстау облысында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Қазіргі уақытта сайлау процесінде заңбұзушылықтар тіркелмеген. Бұл туралы Маңғыстау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Елубай Әбілов мәлімдеді.


Оның айтуынша, облыс бойынша сайлауға 267 сайлау учаскесі, 121 округтік және 56 аумақтық сайлау комиссиясы жұмылдырылған. Саяси партиялардың партиялық тізімдері бойынша 6 партиядан 50 кандидат, ал бір мандатты округтер бойынша 121 мандатқа 363 кандидат тіркелген.


14:00-дегі мәлімет бойынша, облыстағы сайлаушылардың 47,51 пайызы дауыс берген. Өңірде барлығы 455 883 сайлаушы бар. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.


– Сайлау процесі заңнама талаптарына сәйкес жүргізілуде. Қазіргі уақытта ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ. Учаскелік сайлау комиссиялары өз міндеттерін атқаруда, сайлаушылардың дауыс беруіне қажетті жағдайлар жасалған. Сайлау барысы қалыпты жағдайда өтуде. Заңдылық пен қоғамдық тәртіптің сақталуы бақылауда, – деді Елубай Әбілов.


Сайлау қорытындысы заңда белгіленген тәртіппен шығарылады.

50
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!