Otpan News Logo

«Қарақия» аудандық газетінің бас редакторы сайлауда өз таңдауын жасады

|
29.11.2026 17:33
«Қарақия» аудандық газетінің бас редакторы сайлауда өз таңдауын жасады

Мәслихат депутаттарының сайлауында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де белсенділік танытып, өз дауыстарын беруде. Атап айтқанда, «Қарақия» аудандық газетінің бас редакторы Шынар Кендінқызы №145 сайлау учаскесіне барып, азаматтық құқығын жүзеге асырды.


Ауданның тыныс-тіршілігі мен өзекті жаңалықтарын қалың оқырманға жеткізіп жүрген қаламгер үшін қоғамдық-саяси науқанға қатысу – кәсіби ғана емес, азаматтық парыз. Бас редактордың пікірінше, жергілікті өкілді органдарды қалыптастыру үдерісіне әрбір тұрғынның атсалысуы – ауданның одан әрі дамуы мен өркендеуінің басты кепілі.

27
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!