Otpan News Logo

Қарақия ауданындағы №156 сайлау учаскесінде дауыс беру жоғары деңгейде өтуде

|
29.11.2026 16:13
Қарақия ауданындағы №156 сайлау учаскесінде дауыс беру жоғары деңгейде өтуде

Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы №156 сайлау учаскесіндегі дауыс беру барысы заң талаптарына сай, жүйелі әрі жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп жатыр. Бұл туралы №156 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Жәнібек Жаксылықұлы Ізтұрғанов мәлімдеді.


Комиссия төрағасының айтуынша, сайлау науқанына дайындық жұмыстары уақытылы әрі толық көлемде атқарылған. Учаскеде азаматтардың өз таңдауын еркін әрі кедергісіз жасауы үшін барлық қажетті жағдай қарастырылып, тиісті материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық талаптар сақталған. Дауыс беру бөлмелерінің жабдықталуы, бюллетеньдердің сақталуы мен берілу тәртібі, сондай-ақ комиссия мүшелерінің үйлесімді жұмысы науқанның ашық әрі тәртіпті өтуіне негіз болып отыр.

39
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!