Otpan News Logo

Қарақияда «Еңбек Даңқы» орденінің иегері дауыс берді

|
29.11.2026 17:38
Қарақияда «Еңбек Даңқы» орденінің иегері дауыс берді

Қарақия ауданында өтіп жатқан мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегері, ардагер мейірбике Жаңылгүл Дүйсембаева өз таңдауын жасады. Ол №156 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.


Ұзақ жылдар бойы денсаулық сақтау саласында еңбек етіп, халықтың алғысына бөленген ардагер бүгінгі дауыс беруден шет қалмады.


Жаңылгүл Мұрсалықызының айтуынша, сайлауға қатысу – әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін танытатын маңызды қадам.

– Сайлау – ел өміріндегі маңызды науқанның бірі. Әр азамат өз таңдауын жасап, қоғамның дамуына үлес қосуы керек. Сондықтан бүгін келіп, азаматтық борышымды орындадым, – деді ардагер мейірбике.
11
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!