Өңірде облыстық волейбол жарысы өтті
24–25 қаңтар күндері Маңғыстау ауданында мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ерлер арасында волейболдан облыстық жарыс өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.
Маңғыстау ауданы әкімдігінің хабарлауынша, жарыстың негізгі мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, волейбол ойынындағы шеберлікті арттыру және жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту.
Жарысқа өңірдің әр аймағынан 12 команда қатысты. Атап айтқанда, Мұнайлы ауданынан “AFK GYM”, “Oil Services Company”, Жаңаөзен қаласынан “Бесшоқы”, сондай-ақ “Yessenov University”, “МАЭК”, Қарақия ауданы, Шайыр ауылы, Маңғыстау ауданы командалары, “Yessenov University 2”, “KTO Kaztrans Oil” қатысты.
Командалар жарысқа тыңғылықты дайындықпен келіп, тартысты әрі мазмұнды ойын көрсетті. Көрермен көзайымына айналған үздік ойыншылар өздерінің кәсіби шеберліктерімен ерекшеленді. Екі күнге созылған тартысты дода жоғары деңгейде өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша I орын “Oil Services Company” командасына, II орын Маңғыстау ауданы Шайыр ауылы командасына, III орын “KTO Kaztrans Oil” командасына бұйырды.
Жеке номинациялар бойынша
«Үздік ойыншы» – Ұлықпанов Аслан (“Oil Services Company”)
«Үздік шабуылшы» – Таңбай Анарбек (Шайыр ауылы)
«Үздік байланыстырушы» – Сахи Талғат (“KTO Kaztrans Oil”)
«Үздік қорғаушы» – Мақсатұлы Алмат (“KTO Kaztrans Oil”) атанды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы диплом, медаль, кубок және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.