Otpan News Logo

Маңғыстауда бірнеше жол жабылды

|
26.01.2026 12:43
Маңғыстауда бірнеше жол жабылды
ашық дереккөз

26 қаңтар күні сағат 12:00-ден бастап Маңғыстау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Ақтау – Форт-Шевченко» бағытындағы облыстық маңызы бар автожолдың 29–132 шақырым аралығы уақытша жабылды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Түпқараған ауданы әкімдігі «Актау -Форт-Шевченко - 43 км.- Қаламқас» 43-270 шақырым аралығы да жабық екенін хабарлады.


Сондай-ақ көктайғаққа байланысты Бейнеу-Шетпе жолы да уақытша жабық. 


Бейнеуде Боранқұл, Тәжен, Есет, Ертөлеп, Ақжігіт, Сарға, Сыңғырлау, Тұрышқа қатынайтын маршруттар тоқтады.


Жауаптылар алыс жолға шықпас бұрын ауа-райы мен жол ахуалын ескеруді сұрайды.

9
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!