Otpan News Logo

Ақтауда жасанды интеллект арқылы тіл үйрететін халықаралық Akelius жобасы іске қосылды

|
26.01.2026 11:42
Ақтауда жасанды интеллект арқылы тіл үйрететін халықаралық Akelius жобасы іске қосылды

Ақтау қаласының білім беру мекемелерінде цифрлық инновациялар мен инклюзивті ортаны дамытуға бағытталған Akelius халықаралық жобасы сәтті іске асырылуда. Жаңа цифрлық платформа оқушылардың ағылшын және орыс тілдерін меңгеру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Қазіргі таңда жоба Ақтау қаласының үш негізгі білім ордасында енгізілді. Атап айтқанда: №21 жалпы білім беретін мектеп және Мамандандырылған IT мектебі мен IT мектеп-лицейі.


Аталған мектептермен ресми келісімшарттар жасалып, бүгінде 5 189 оқушы платформаны белсенді пайдалануда. Оқу процесінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Akelius қоры аясында мектептерге заманауи техникалық құралдар — тегін планшеттер мен құлаққаптар жеткізілді.


“Akelius жобасының басты артықшылығы — оның қолжетімділігі. Платформа ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың тілдік дағдыларын дамытуға арналған тиімді құрал ретінде бейімделген. Педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру да басты назарда”,- деді Ақтау қаласы білім бөлімі,Оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Гүлбану Қуанышова. 


Жоба аясында 18 педагог (ағылшын және орыс тілі мамандары) арнайы менторлардан тәлім алып, заманауи әдістемелерді игерді. Ақтау қалалық білім бөлімінің Оқу-әдістемелік орталығы мұғалімдер үшін онлайн және офлайн форматта семинарлар, тренингтер мен шеберлік сағаттарын тұрақты түрде өткізіп тұрады.


«Akelius — бұл тек тіл үйрету құралы емес, бұл білім берудегі тең мүмкіндіктердің кепілі. Біздің мақсатымыз — әрбір оқушыға, оның жеке қабілеттеріне қарамастан, әлемдік деңгейдегі сапалы білім беру», — деді мамандар.  


Айта кетейік, Аkelius жобасы Қазақстанның бірнеше өңірінде ЮНИСЕФ-пен бірлесе отырып, сәтті жүзеге асырылып келеді. Ол білім беру жүйесіне халықаралық стандарттар мен инновациялық цифрлық шешімдерді енгізуге бағытталған.


84
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!