«Адай Ата – Отпан тау» этно-мәдени орталығының тұжырымдамасына авторлық мәртебе берілді
«Адай Ата – Отпан тау» этно-мәдени орталығының тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы деңгейінде мемлекеттік авторлық мәртебесін алды, деп хабарлайды otpannews.kz.
Бұл туралы маңғыстаулық ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сабыр Адай өзінің фейсбук парақшасында жазды.
Құрметті достар, отандастар! Менің үлкен қуанышымды сіздермен бөліскім келеді. «Адай Ата – Отпан тау» этно-мәдени орталығының тұжырымдамасы (менің авторлығыммен тіркелді, зияткерлік құқым бекітілді) Қазақстан Республикасы деңгейінде мемлекеттік авторлық мәртебесін алды. Бұл – мен үшін ғана емес, осы идеяға сенген, қолдаған, тілектес болған барша халық үшін ортақ қуаныш! Ұзақ уақыт бойғы еңбек пен қиыншылықтардан кейінгі рухани серпіліс болды. Нысанның сакралды кеңістік ретіндегі мәні, ұлттық идеологиямен сабақтастығы, Амал мерекесі, Көрісу дәстүрі, Қарашаңырақ, Қарақазан, Ұран от, Көкбөрі, Ана бейнесі секілді ұғымдармен байланысы қарастырылады. Сонымен қатар Отпан таудың республикалық деңгейдегі ерекше қорғалатын тарихи-мәдени нысан ретіндегі мәртебесі «Адай Ата – Отпан тау» этно-мәдени орталығының маңызымен бірге танылғанын ескеруіміз керек, - деді ақын өз парақшасында.
60
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев