2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердің, жәрдемақылардың мөлшерін арттыру туралы
«2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 239-VIIIЗаңына сәйкес 2026 жылғы1 қаңтардан бастап:
Айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі -АЕК) – 4325теңге мөлшерінде;
Ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге;
Ең төменгі күнкөріс деңгейі (бұдан әрі -ЕТКД) – 50851теңге;
Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге;
Жалақының ең төмен мөлшерi – 85 000 теңге мөлшерінде белгіленді.
Жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап алынатынмөлшерден 10 % - ға артады.
2026жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты жаңадан тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін еңжоғары табыс 55 АЕК-ні (237875 теңге) құрайды.
2026жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік базалық зейнетақытөлемінің мөлшері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 205-бабына сәйкес ЕТКД-нің жаңа мөлшеріне пайыздық қатынаста белгіленеді.
Мәселен, 2026жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесіне қатысуөтілі он жыл және одан аз болғанда немесе болмағанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 70 пайызы мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырылады, бірақ ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 118пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі.
Бұл жаңа тағайындалған зейнеткерлерге және 2026 жылғы 1 қаңтарғадейін зейнетке шыққандарғада қатысты.
Мүгедектігіне және асыраушысынан айрылу жағдайынабайланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері, оныңішінде медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын және түзеумекемелерінде орналасқан адамдар үшін Кодексінің 177 және236 баптарында көзделген мөлшерде 2026 жылғы 1 қаңтарда ЕТКДмөлшерінің ұлғаюына байланысты (50851теңге) жоғарылатылады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерлері «Мемлекеттікәлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін2026 жылғы1 қаңтарынан бастап арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің2025 жылғы 17желтоқсандағы № 1089 қаулысына сәйкес 2026 жылы 1 қаңтарынанбастап 10 % артады.
Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕТКД мөлшерінің ұлғаюына байланысты(50851 теңге) көтеріледі.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕТКД мөлшерінің артуына байланысты мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анағанемесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатынжәне төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы және бірінші топмүгедектігі бар адамға күтімді жүзеге асыратын адамға мемлекеттікжәрдемақы мөлшері көтеріледі.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК мөлшерінің артуынабайланысты келесі жәдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің мөлшеріартады: №1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылар, жерлеуге біржолғы төлем, бала тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы, ай сайынғы бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтімінебайланысты мемлекеттік жәрдемақы, ай сайынғы бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтімінебайланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша МӘСҚ-тан әлеуметтіктөлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау, Кодексінің 190-бабының 3-тармағының 1)-17) тармақтарындақарастырылған арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оныңішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқадейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық жәнекәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынанкейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптікбағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балаларыбар көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын«Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендеріменнаградталған көп балалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардапшеккен азаматтарға, жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына және жаппайсаяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балаларына тағайындалған, бірақтөленбеген бірреттік ақшалай өтемақы.
Бала туылғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері бірінші, екінші, үшінші балаға164 350 (38*АЕК) теңге, ал төртінші және одан кейінгі балаларға 272 475 (63*АЕК) теңгеге дейін, сондай-ақ бала бір жарым жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы жәрдемақы мөлшері:
бірінші балаға-24 912 (5,76 АЕК) теңге;
екінші балаға- 29 454 (6,81 АЕК) теңге;
үшінші балаға- 33 952 (7,85 АЕК) теңге;
төртінші және одан кейінгі балаларға - 38 493(8,90 АЕК) теңгені құрайтын болады.
Сондай-ақ, көпбалалы отбасыға төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшеріне келетін болсақ:
төрт балаға –69 330 (16,03 АЕК) теңге,
бес балаға–86 673 (20,04 АЕК) теңге,
алты балаға–104 017 (24,05 АЕК) теңге,
жеті балаға –121 360 (28,06 АЕК) теңге,
сегіз және одан көп балаға – әрбір балаға 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Наградталған анаға берілетін ай сайынғыжәрдемақы мөлшері:
"Күміс алқа" алқасымен наградталған аналарға –27 680 (6,40 АЕК) теңге;
"Алтын алқа" алқасымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға – 32 005(7,40 АЕК) теңгені құрайды.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті