Otpan News Logo

Маңғыстауда республикалық маңызы бар тас жолда қауіпсіздік күшейтілді

Маңғыстауда республикалық маңызы бар тас жолда қауіпсіздік күшейтілді

Маңғыстау облысында автобустың жол апатынан кейін республикалық және жергілікті маңызы бар тас жолдарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Осыған байланысты өңірде «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды otpannews.kz.


Полиция департаментінің мәліметінше, рейдтік іс-шара қаңтар айының 23–25 күндері аралығында өтеді. Іс-шара жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру үшін ұйымдастырылған.


Маңғыстау облыстық полиция департаментінің патрульдік полиция ротасы күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр.


Рейд барысында басты назар жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктер мен таксиге аударылады. Полиция қызметкерлері жүргізушілердің жылдамдық режимін сақтауын, техникалық талаптардың орындалуын және жол ережелерінің қатаң сақталуын тексеруде.


Құқық қорғау органдары жүргізушілер мен жолаушыларды жолда барынша сақ болуға шақырады.

106
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!