Маңғыстаудағы суық пен бұрқасын: 26 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Маңғыстау облысында қыс қатал мінезін танытуда. «Қазгидромет» РМК мамандарының болжамына сүйенсек, бүгін өңірде ауа райының күрт суытуы мен жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.
Бүгін облыстың басым бөлігінде термометр бағаны төмендейді. Облыс орталығы Ақтауда күндіз ауа температурасы -1°C төңірегінде болса, түнде суық -9°C-қа дейін күшейеді.
Бейнеу мен Сайөтес маңында термометр бағаны түнде -12°C-қа дейін төмендеп, нағыз аяз орнамақ.
Синоптиктердің мәліметінше, ауаның ылғалдылығы 87%-ға жетіп, соның салдарынан жолдарда көктайғақ қалыптасуы мүмкін. Әсіресе, облыстың солтүстігі мен орталығында таңертең және кешке қою тұман түсіп, көріну мүмкіндігі 500-1000 метрге дейін шектеледі.
Бүгін өңірде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күшейеді. Желдің орташа жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетіп, жаяу бұрқасын тудыруы ықтимал.