Otpan News Logo

Ақтау қаласының кәсіпкерлері санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді

Ақтау қаласының кәсіпкерлері санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді

Ақтау қаласы аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кәсіпкерлік нысандарға қатысты мониторинг жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды otpannews.kz.


Іс-шара нәтижесінде қоғамдық аялдамалар мен тамақтану орындарының иелері өз аумақтарында жаңарту және санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыруда.


Аталған жұмыстар аясында бірқатар кәсіпкерлер өздеріне тиесілі аумақтарда тазалау шараларын жүргізіп, нысандардың сыртқы келбетін жақсартуға және іргелес аумақтардың санитарлық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге назар аударды.


– Кәсіпкерлік нысан иелері мен қала тұрғындарын қала аумағындағы тазалықты бірлесе сақтауға шақырамыз, – деді Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі инспекторы Дәурен Сұлтанғали.


Айта кетейік, бөлім тарапынан кәсіпкерлік нысандарға қатысты мониторинг жұмыстары тұрақты түрде, апта сайын жүргізіліп отырады.

57
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!