Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Өңірде ауыл мектептері оқушыларына арналған олимпиаданың облыстық кезеңі өтіп жатыр

Өңірде ауыл мектептері оқушыларына арналған олимпиаданың облыстық кезеңі өтіп жатыр

Маңғыстауда 28-30 қазан күндері ауыл мектептерінің 9–11 (12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды otpannews.kz.


Байқаудың басты мақсаты - ауыл мектептері оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін арттыру.


Айта кетейік, олимпиадаға облыс бойынша ауылдардан 765 оқушы 13 пән бойынша қатысып жатыр. Жарыс екі турдан тұрады. І тур 28 қазан, ІІ тур 29 қазан күндері өтеді. Апелляция уақыты – 30 қазан.

95
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!