Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда «Сән құрақ fest-2025» фестивалі өтті

|
30.10.2025 15:15
Ақтауда «Сән құрақ fest-2025» фестивалі өтті

Ақтауда қолөнер дәстүрін жаңғыртуға бағытталған «Сән құрақ fest–2025» фестивалі өтті. Көрмеге құрақ көрпелер, киімдер мен аксессуарлар қойылды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Аналар кеңесінің хабарлауынша, іс-шара ұлттық қолөнерді сақтап, дамыту, жас ұрпақтың дәстүрлі өнерге қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Көрмеге 15 жергілікті тігінші мен қолөнер шебері қатысты.



Көрмеде қатысушылар құрақ құраудың жаңа тәсілдерін бөлісіп, ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген құрақ көрпелер, төсеніштер, сөмкелер мен сәнді киім үлгілерін көпшілік назарына ұсынды. 


- Фестиваль қорытындысы бойынша Балия Қапарбаева (Ақтау қаласы) бас жүлдеге ие болды. 1 орынды Таңсұлу Қалабаева (Ақтау қаласы) иеленіп, 2 орында Болар Досанова (Шетпе ауылы) жүлделі болды. Ал 3 орынды Жанар Джалғасбаева (Қызылтөбе ауылы) иеленді. Қалған қатысушылар әртүрлі номинация бойынша марапатталды, - деді фестивальдің негізін қалаушы, Жаңаөзен «Аналар кеңесі» кабинетінің төрайымы Тілектес Болатбаева.
86
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!