Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Қаржы пирамидасын қалай тануға және өзіңізді алаяқтардан қалай қорғауға болады?

Қаржы пирамидасын қалай тануға және өзіңізді алаяқтардан қалай қорғауға болады?

Соңғы уақытта Қазақстанда азаматтардың қаржы пирамидаларының құрбаны болғаны туралы жаңалықтар жиі шығып жүр. Зардап шеккендердің саны ондаған мыңға жетіп, жоғалтқан қаржы көлемі жүздеген миллион долларды құрады. Алаяқтардың құрбаны болмас үшін қаржы пирамидаларының негізгі белгілерін білу маңызды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алаяқтықтан сақтану үшін маңызды белгілерге назар аударуға кеңес берді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Қаржы пирамидасының негізгі белгілері:

* қатысушылардан бастапқы жарнаны төлеуді талап етеді;

* нарықтық кірістен едәуір жоғары кірісті уәде етеді;

* әсіресе әлеуметтік желілерде агрессивті жарнамалар береді;

* жаңа салымшыларды тарту үшін бонустар ұсынады;

* компанияның қызметі мен қаржылық жағдайы туралы ашық ақпарат жоқ;

* ұйымда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген халықтың салымдарын тартуға лицензиясы немесе бағалы қағаздар нарығында жұмыс істеуге рұқсаты жоқ.


Түрлі атауына қарамастан, қаржы пирамидаларының жұмыс қағидаты бірдей. Қатысушылардың кірістері жаңа қаражат есебінен ғана қалыптасады. Алғашқы салымшылар төлемдерді кейін келгендер енгізген ақшадан алады.Мұндай схемалардың ұйымдастырушылары иллюзия жасап, құрбандарды тез табу үшін IT технологияларын, психологиялық әдістерді, әлеуметтік желілерді және мессенджерлерді пайдаланады.


Бүгінгі таңда мұндай схемалар букмекерлік кеңселер немесе инвестициялық жобалар ретінде жасырылған. Алаяқтар клиенттерге лицензиясыз және мессенджерлер арқылы жалған чек бере отырып, «ұтатын» ставкаларды ұсына алады. Тағы бір формат – жоғары пайдаға уәде беретін онлайн-жобаларға «инвестициялар». 


Ұйымдастырушылар қаражатты жеткілікті мөлшерде жинағаннан кейін, жоба кенеттен жабылып, оны құрушылар жоғалып кетеді.


Еске салайық, қаржы пирамидаларын құру және оған қатысу ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы бойынша жазаланады. Ең жоғары жаза мүлік тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салына отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.

69
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!