Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күніне орай ақпараттық акция өтті

Ақтауда Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күніне орай ақпараттық акция өтті

Ақтауда Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күніне орай Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы тұрғындарға арналған ақпараттық-сауықтыру акция өткізді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Акцияның мақсаты — инсульттің алдын алу, халықтың денсаулық сауаттылығын арттыру және жүрек-қан тамыр ауруларының қаупін төмендету.


Теңіз жағалауындағы Амфитеатр алаңында өткен шарада аурухананың дәрігерлері тұрғындарға инсульттің алғашқы белгілері мен қаупі, сонымен қатар профилактикалық тексерістер жайлы кеңес берді. Сондай-ақ ультрадыбыстық (УДЗ) құрылғы арқылы тексеру, қандағы қант деңгейін және артериялық қысымды анықтау, салмақ пен бойды өлшеу сияқты профилактикалық қызметтер көрсетілді.


Инсульт бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер Ілияс Құлымбаев тұрғындарға инсульттің қаупі мен алдын алу шаралары жөнінде түсіндірме берді.


Инсульт – адамның өмірі мен денсаулығына ең үлкен қауіп төндіретін дерттердің бірі. Ол көбінесе қан қысымының жоғары болуы, жүрек аурулары, артық салмақ пен дұрыс тамақтанбаудың салдарынан туындайды. Көп жағдайда науқастар алғашқы белгілерге мән бермей, дәрігерлерге кеш жүгінеді. Ал ауруды ерте анықтау мен дер кезінде медициналық көмек көрсету – өмірді сақтап қалудың басты кепілі. Сондықтан әр адам денсаулығына жауапкершілікпен қарап, қан қысымын, қант пен холестерин деңгейін үнемі бақылап отырғаны жөн. Белгілер байқалған жағдайда, уақыт жоғалтпай дәрігерге қаралуы қажет, – деді Ілияс Құлымбаев.


Айта кетейік, акцияға 150-ге жуық тұрғын қатысты.

132
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!