Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

«Қызылсай» паркінде дала жануарларына күзгі санақ жүргізілді

|
30.10.2025 10:06
«Қызылсай» паркінде дала жануарларына күзгі санақ жүргізілді
"Қызылсай" паркі

«Қызылсай» өңірлік табиғи паркінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында тұяқты жабайы жануарларға күзгі жоспарлы санақ жүргізілді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Бұл іс-шараға Алматы қаласындағы Зоология институтының мамандары, «Охотзоопром» ӨБ қызметкерлері, сондай-ақ Қызылсай паркінің барлық қаумал басшылары мен мемлекеттік инспекторлары арнайы қатысты.


Санақ жұмыстарының мақсаты - аумақта мекен ететін таутеке, елік, арқар және басқа да түрлердің санын анықтау, олардың таралу аймағын нақтылау және экожүйенің жай-күйін бағалау болып отыр.


Жүргізілген есептің нәтижесі 2024 жылмен салыстырғанда жануарлар санының өсімін көрсетіп отыр. Бұл - соңғы жылдары атқарылып жатқан табиғатты қорғау шараларының тиімділігін көрсетті.

 

«Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің директоры Мыңберген Қаратауов маңызды   


«Биылғы санақ нәтижесі біз үшін қуанышты жаңалық болды. Бұл - қызметкерлеріміздің, инспекторларымыздың тынымсыз еңбегінің жемісі. Табиғатты қорғау ісінде ғылыми мекемелермен және арнайы уәкілетті органдармен бірлескен жұмыс өз нәтижесін беріп отыр. Алдағы уақытта да экологиялық тепе-теңдікті сақтау, аң-құстардың көбеюіне жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады. Санаққа атсалысқан барлық мамандар мен инспекторларға алғысымды білдіремін», - деді парк директоры Мыңберген Қаратауов.


84
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!