Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Нұрдәулет Қилыбай: Маңғыстау ауданының әкімдігі бос жұмыс орындарын ашық әрі әділ түрде бөлуі тиіс

|
29.10.2025 14:24
Нұрдәулет Қилыбай: Маңғыстау ауданының әкімдігі бос жұмыс орындарын ашық әрі әділ түрде бөлуі тиіс

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай жұмыс сапарымен Маңғыстау ауданына барып, өңірде қызмет етіп жатқан ірі өндірістік кәсіпорын өкілдері және ауданның жұмыссыз азаматтарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды otpannews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бұл кездесу — бұған дейін аудан тұрғындарымен өткен жиында облыс әкімі берген уәденің жалғасы. Сол жиында Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды жұмыспен қамту мақсатында жұмыс беруші компаниялармен жеке кездесу ұйымдастырылатынын атап өткен болатын.



Жиын барысында вакансия ұсынып отырған мекеме өкілдері өз кәсіпорындарындағы бос жұмыс орындары туралы ақпарат беріп, жыл соңына дейінгі жоспарланған жұмыс орындарының санын айтты. Әкім жұмыссыз азаматтар мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайту қажеттігін айтып, ұсынылған вакансиялардың тиімді әрі әділ бөлінуі маңызды екенін ерекше атап өтті. 


«Бұл — ауданда осы бағытта ұйымдастырылған алғашқы кездесу. Келесі жылдан бастап ірі кәсіпорындар мен оларға қызмет көрсететін мердігер ұйымдар босаған жұмыс орындары туралы мәліметті аудан әкімдігіне тұрақты түрде ұсынуы қажет. Ал аудан әкімдігі тұрғындармен бірге бос орындарды ашық әрі әділ түрде бөлуі тиіс», — деді облыс әкімі.


Сондай-ақ кездесуде азаматтар өз сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдірді.


Айта кетейік, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес алдағы уақытта өңір тұрғындарын жұмыспен қамту мақсатында әр ауданда орналасқан ірі өндірістік кәсіпорындардың басшыларымен осындай кездесу ұйымдастырылатын болады.



110
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!