Otpan News Logo

Бибісара Асаубаева Үміткерлер турнирінде екінші ойынды тең аяқтады

|
31.03.2026 15:06
Бибісара Асаубаева Үміткерлер турнирінде екінші ойынды тең аяқтады

Маңғыстаулық шахматшы Бибісара Асаубаева Кипрдың Пейя қаласында өтіп жатқан Үміткерлер турниріндегі екінші партиясын өткізді, деп хабарлайды otpannews.kz. 


Екінші турда жерлесіміз ресейлік Александра Горячкинамен тең түсіп, турнирдегі кезекті ұпайын еншіледі. Алғашқы турда да Асаубаева үндістандық Вайшали Рамешбабумен тең ойнаған еді. 


Алдағы кездесулерде қазақстандық шахматшыны қытайлық Чжу Цзиньэр және тағы бір Қытай өкілі Тань Чжунъимен кездеседі. 


Жалпы, Үміткерлер турнирі айналмалы жүйе бойынша екі кезеңнен тұрады. Бибісараның қарсыластары қатарында үндістандық Дивья Дешмукх, ресейлік Екатерина Лагно және украиналық Анна Музычук бар.


Турнир жеңімпазы қазіргі чемпион қытайлық Цзюй Вэньцзюньмен әлем чемпионы атағы үшін таласу мүмкіндігіне ие болмақ.

36
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!