Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстаулық ұстаздар мен оқушылар робототехника бойынша білімін жетілдіруде

|
26.10.2025 12:54
Маңғыстаулық ұстаздар мен оқушылар робототехника бойынша білімін жетілдіруде

Ақтауда «MANGYSTAU FIRST SCRIMMAGE-2025» робототехника бойынша дайындық оқу-жаттығуы өтіп жатыр, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Іс-шараға мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысып жатыр. Оларға үш күн бойы теория және практика жүзінде сабақтар ұйымдастырылған. Сабақтардан кейін өзара жарыс өткізіледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара желтоқсан айына жоспарланған облыстық сайысқа дайындық ретінде ұйымдастырылып отыр. 


-Іс-шараның басты мақсаты – өңірдегі робототехника бағытының деңгейін арттыру, мұғалімдердің тәжірибесін жетілдіру және оқушылардың инженерлік, бағдарламалық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, - деді «Каспий дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы басшысының орынбасары Назира Телбаева.


Алматыдан арнайы келген маман робототехника бойынша жаттықтырушы Берік Сағитжановтың айтуынша, Маңғыстауда робототехника бағытына қызығушылық жыл сайын артып келеді. 


-Астана мен Алматыдан кейін Маңғыстау роботехникадан жоғары нәтиже көрсетуге ұмтылатын өңірлердің бірі. «FIRST SCRIMMAGE» төрт кезеңнен тұрады. Бұл кезеңдер жас санаты бойынша бөлінеді. Атап айтқанда, 4-6, 6-10, 10-16, 12-18 жас аралығы бойынша. Робототехника бағытында жарыстарға қатысу алдағы уақытта осы сала бойынша грантқа түсу және республикалық, халықаралық жарыстарға қатысуға мүмкіндік береді, - деді Берік Сағитжанов.
41
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!