Otpan News Logo

Маңғыстаудағы перзентханаларға серіктес алып кіруге шектеу енгізілді

|
08.12.2025 10:31
Маңғыстаудағы перзентханаларға серіктес алып кіруге шектеу енгізілді

Өңірдегі эпид жағдайдың асқынуына байланысты қатаң санитариялық шаралар қабылданды. Маңғыстау облысы аумағында жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмаудың алдын алу, сондай-ақ таралуын болдырмау мақсатында облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қаулы қабылдады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Бұл шаралар медициналық ұйымдарға, білім беру және басқа да көпшілік орындарға қатысты қатаң талаптарды енгізеді. Өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәліметіне сай,қарашаның соңғы аптасында өңірдегі ЖРВИ ұқтырғандар саны 45 мың адамға жуықтаған.


«Енгізілген тыйымдар қатарында медициналық ұйымдардағы бақылауды күшейту, білім беру ұйымдарын қадағалау және қоғамда аурудың алдын алу бойынша маңызды талаптар енгізілді. Қаулының басты мақсаты – тұмау және ЖРВИ ауруларының өршуіне жол бермеу және халықтың денсаулығын қорғау»,- деді Маңғыстау облысының санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары.


Барлық емханалар мен ауруханаларда (стационар, перзентханалар) ЖРВИ белгілері бар науқастарды басқалардан бөліп, жеке палаталарға немесе бокстарға орналастыру қажет. Медицина қызметкерлері және келушілер үшін маска тағу режимі қатаң сақталып, оны 3 сағат сайын ауыстыру міндеттеледі. Сондай-ақ, ғимарат ішіндегі ауа температурасы +18°С-тан төмен болмауы тиіс.


Балабақшалар мен мектептерде балалардың денсаулығын күнделікті бақылау үшін «таңертеңгілік сүзу» (фильтр) іс-шарасы міндеттелді. Ауру белгілері анықталған оқушылар мен тәрбиеленушілер сабаққа жіберілмей, дереу оқшауланып, ата-анасына қайтарылады. Егер бір сыныптағы (топтағы) ЖРВИ-мен ауырған балалар саны 30%-ға жетсе, оқу процесі уақытша тоқтатылып, оқыту онлайн режимге ауыстырылуы мүмкін.


Ал тұрғындарға қоғамдық орындарда, әсіресе қоғамдық көліктерде, маска тағу режимін сақтау, жеке бас гигиенасын мұқият орындау және үй-жайларды жиі желдету ұсынылады.

67
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!