Otpan News Logo

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтары есебінен қандай ем-домға төлем жасай алмайды?

|
06.12.2025 16:54
Қазақстандықтар зейнетақы жинақтары есебінен қандай ем-домға төлем жасай алмайды?
Фото: Ашық дереккөзден

«Отбасы банк» азаматтарға маңызды мәлімдеме жасады. Биылғы 4 желтоқсанынан бастап enpf-otbasy.kz платформасы арқылы біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен офтальмологиялық қызметтерді төлеуге арналған өтінімдерді қабылдау тоқтатылды, деп хабарлайды otpannews.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.

 

Банктің мәлімдеуінше, аталған шешім денсаулық сақтау министрлігі енгізген өзгерістерге байланысты қабылданып отыр. Жаңа бұйрыққа сәйкес, 3 желтоқсанда жарияланған түзетулер бойынша БЖЗҚ есебінен емді қаржыландыру мүмкіндігі бірден екі бағытта - стоматология және офтальмологиядан алынып тасталған.

 

Белгіленген мерзімге дейін беріілген барлық өтінімдер қалыпты тәртіппен қаралады.

 

Қазіргі таңда банкте «офтальмология» бағыты бойынша жалпы сомасы 13,3 млрд теңгені құрайтын 15 808 өтінім тіркелген.


Оның ішінде 5131 өтінім (4,6 млрд тг) тексерісте болса, 10 677 өтінім (8,7 млрд тг) бойынша клиенттер қосымша құжаттар өткізуі тиіс.

 

Бұған қоса, банк стоматологиялық қызметтерге төлем тоқтатылғаннан кейін офтальмология бағытына өтінімдердің күрт өскенін атап өтті. Бұл ретте айына 174-тен 1264-ке дейін, яғни жеті есе артқан. Сонымен қатар, банк мамандары бірқатар күмәнді жағдайларды анықтады. Кейбір клиент құжаттарында көрсетілген клиникалар нақты мекенжайларда іс жүзінде болмаған.

 

Шектеулерге қарамастан азаматтар зейнетақы жинақтарының артық бөлігін бұрынғыдай қымбат әрі аса маңызды ем түрлеріне пайдалана алады. Мәселен, орфандық ауруларды емдеу, реконструктивтік операциялар, радионуклидтік терапия, радиохирургия, протон терапиясына төлем жасауға шектеу қойылмаған.

 

70
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!