Otpan News Logo

Бас прокуратура алаяқтар тұрғындарды алдау тәсілін өзгерткенін мәлімдеді

|
07.12.2025 12:35
Бас прокуратура алаяқтар тұрғындарды алдау тәсілін өзгерткенін мәлімдеді

Еліміздің Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті жанындағы Қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін қылмыстарды болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа тәсілі жайлы ескерту жасады. Бұл туралы ведомство Telegram-арнасы арқылы хабарлады, деп хабарлайды otpannews.kz.


Шетелдік дереккөздерге сүйенсек, алаяқтар жаңаша түрде шабуыл жасап, жеткізу қызметтері, басқарушы компаниялар мен банктердің атынан хабарлама және SMS таратуда. «Авторизациядағы қате», «домофонды ауыстыру» немесе «санақ құралдарын тексеру» деген желеумен олар азаматтарды өздеріне қайта қоңырау шалуға итермелейді.


Сол арқылы абайсыз азаматтар кибералаяқтардың әлеуметтік инженерия тәсілдерін қолдануына қолайлы жағдай жасайды.


Белгісіз хабарламалар мен қоңырауларға күмәнмен қарап, сақ болыңыз;


тек ресми сайттарда көрсетілген байланыс нөмірлеріне қоңырау шалыңыз;


екі факторлы аутентификацияны қолданыңыз;


банк картасының деректері, SMS-тегі бір реттік кодтар және басқа да құпия ақпаратты бөгде адамдарға бермеңіз.


Киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыз, сақ болыңыз!

61
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!