Otpan News Logo

Президент еліміздің үздік кәсіпкерлерін марапаттады

|
05.12.2025 16:40
Президент еліміздің үздік кәсіпкерлерін марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» байқауларына қатысқан кәсіпкерлердің барлығына алғыс айтып, лауреаттарды марапаттады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап. 


Шағын және орта бизнес субъектілері арасында «Парыз» сыйлығы Солтүстік Қазақстан облысының «Ақ-Ниет-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне табысталды. Ал ірі бизнес өкілдері ішінен Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» корпорациясы лайық деп танылды. 


«Алтын сапа» сыйлығына «Үздік индустриалдық жоба» аталымы бойынша «Karlskrona LC AB» (Шымкент қаласы), «Үздік инновациялық жоба» аталымы бойынша «AG TECH» (Астана қаласы) компаниялары ие болды.

46
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!