Otpan News Logo

«Заң мен тәртіп»: Ақтауда мемлекеттік қызметкерлерге арналған зияткерлік сайысы өтті

|
06.12.2025 15:50
«Заң мен тәртіп»: Ақтауда мемлекеттік қызметкерлерге арналған зияткерлік сайысы өтті

Ақтауда «Заң мен тәртіп» қағидаты және «Адал қоғам» жобасы аясында мемлекеттік қызметкерлерге арналған зияткерлік Quiz сайысы өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.


Жарыс облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды. Іс-шараны «Gumol» стратегиялық зерттеу орталығы мемлекеттік емес ұйымы ұйымдастырды. Зияткерлік сайысына әрқайсы бес адамнан құралған 15 команда қатысты.


-Зияткерлік сайысы 9 желтоқсан сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай «Заң мен тәртіп» қағидаты және «Адал қоғам» жобасы аясында өткізілді. Іс-шараның мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Мұндай іс-шараларды алдағы уақытта да ұйымдастыру жоспарда бар, - деді «Gumol» стратегиялық зерттеу орталығы мемлекеттік емес ұйымының жоба жетекшісі Лаура Сәрсенбаева.


Сайыс қорытындысына сәйкес, І орынды Жаңаөзен қаласының «Кездейсоқ ойлар» командасы иеленіп, 600 мың теңге ұтып алды. ІІ орынға Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Аппаратура» командасы ие болып, 300 мың теңге жеңіп алды. Ал ІІІ орынды Мұнайлы ауданының «Мұнайлы team» командасы иеленіп, 200 мың теңге ұтып алды.

132
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!