Санатәлі Төлтаев әлем чемпионатын сәтті бастады
Маңғыстаулық боксшы Санатәлі Төлтаев Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды otpannews.kz.
Турнир Дубайда (БАӘ) өтіп жатыр. 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/16 финалда ол Замбия өкілі Джеральд Кабиндамен кездесті. Үздіксіз шабуыл алмасқан айқаста Төлтаев төрешілер шешімімен жеңіске жетті - 4:1.
Осы нәтижеден кейін 2019 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері және 2025 жылғы Қазақстан чемпионы келесі кезеңге жолдама алды. Ал оның қарсыласы әлемдік сынның осы кезеңінде жарыс жолын аяқтады.
Әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнирдің жалпы жүлде қоры - 8,32 миллион доллар.