Otpan News Logo

Маңғыстаулық студенттер халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатында жүлделі орындарға ие болды

|
05.12.2025 18:55
Маңғыстаулық студенттер халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатында жүлделі орындарға ие болды

2025 жылғы 29 қараша – 4 желтоқсан аралығында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында «Профессионалы 2025» халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті, деп хабарлайды otpannews.kz сайты.


Аталған чемпионат «Өндіріс», «Инженерлік технологиялар», «Білім беру» және «Сервис және қызмет көрсету» бағыттарын қамтып, түрлі елдерден жиналған білім алушылардың біліктілігін сынға салды.


Чемпионатқа 30 елден 287 қатысушы 27 құзыреттілік бойынша бақ сынады.

Маңғыстау облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері де аталмыш чемпионатқа қатысып, жүлделі орындарды қанжығасына байлады.


Атап айтқанда:

Қарақия кәсіптік колледжінің студенті Дошаев Қуандық «Шанақты жөндеу» құзыреттілігі бойынша,  

Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің студенті Садыков Мирас «Кондитерлік іс» құзыреттілігі бойынша ІІ орын, 

Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенті Березин Олег «Бизнес үшін цифрлық мүмкіндіктер» құзыреттілігі бойынша, 

Маңғыстау туризм колледжінің студенті Брылова Ольга «Туризм» құзыреттілігі бойынша,

 «Асмет Ұлас» жоғары педагогикалық колледжінің студенті Базарбай Гүлмира «Шаштараз ісі» құзыреттілігі бойынша ІІІ орынды иеленді.

 

Бұл жеңіс – студенттердің табандылығы мен еңбегінің, сондай-ақ жетекшілерінің кәсіби қолдауының айқын нәтижесі.

54
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!