Главная | Қазақстан жаңалықтары
Мемлекет басшысы: “Жаһандық инвестиция құлдырап барады”
Президент дүние жүзі бойынша тікелей шетелдік инвестиция нөпірінің құлдырауының негізгі себептерін атады, деп хабарлайды otpannews.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.
«Мен Жолдауда жаңа инвестициялық кезеңді бастау қажеттігін айттым. Қазір әлемде нарық және капитал үшін талас-тартыс күшейіп барады. БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) мәліметіне сәйкес, дүние жүзі бойынша тікелей шетелдік инвестицияның нөпірі айтарлықтай бәсеңдеген. 2024 жылы әлемде нақты секторға бағытталған инвестиция көлемі 11 пайызға, яғни 1,5 триллион долларға дейін қысқарған. Басқаша айтқанда, жаһандық инвестиция биыл екінші жыл қатарынан құлдырап барады. Мұның негізгі себебі – үдей түскен геосаяси шиеленіс пен халықаралық жеткізу тізбегінің үзілуі. Сондықтан біз еліміздегі іскерлік ортаны жақсартуымыз керек. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған маңызы айрықша мақсат»,- деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
38
Басты жаңалықтар
Танымал
05.12.2025 18:55
05.12.2025 18:43
05.12.2025 18:37
05.12.2025 18:25
05.12.2025 16:40
05.12.2025 16:37
05.12.2025 16:35
05.12.2025 16:34
05.12.2025 16:32
05.12.2025 16:31
05.12.2025 16:30
05.12.2025 16:29
05.12.2025 16:27
05.12.2025 16:24
05.12.2025 14:50
05.12.2025 13:17
05.12.2025 12:03
05.12.2025 11:30
05.12.2025 11:17
05.12.2025 11:11
01.12.2025 17:09
01.12.2025 13:37
29.11.2025 09:42
28.11.2025 20:12
03.12.2025 15:32
29.11.2025 12:48
05.12.2025 10:55
29.11.2025 12:37
04.12.2025 15:58
29.11.2025 12:18
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев