Ақтаудың 35 шағынауданында ауыз су бір тәуліктен астам берілмейді
Бұл туралы «МАЭК» ЖШС хабарлады. Олардың мәліметінше, ЦУВС-3 аумағында ауызсу құбырларын ауыстыру жұмыстарына байланысты су беру уақытша тоқтатылады.
Ауыз су 8 желтоқсанда сағат 00:00-ден 24:00-ге дейін өшірілмек. ЦУВС-3-тен су алатын қаланың жоғарғы және төменгі аумақтарында уақытша шектеу қойылмақ.
«Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ауыз судың гидравликалық режимін қалпына келтіру жүргізіледі. Су беру режимі толықтай 9 желтоқсан күні сағат 06:00-де қалпына келеді», - деп хабар таратты «МАЭК» ЖШС тарапы.
Су жүйесіне шектеу енгізілетін шағынаудандар тізімі төмендегідей:
1, 2, 3, 3А, 3Б, 4, 4А, 5, 6, 7, 7А, 8, 8А, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 шағынаудандары;
16-шағынаудандағы 40 және 41 үйлер, «Абырой», «Несібе», «WhiteHouse», «Отпан Towers» тұрғын үй кешендері, сондай-ақ 17-шағынаудандағы «Дукат-1д», «Жанболат» ТҮК-тері;
21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 28А, 29, 29А шағынаудандары, «Толқын-1» және «Толқын-2».