Otpan News Logo

Маңғыстаулық кәсіпорындар еліміздің үздік компаниялары қатарына қосылды

|
07.12.2025 13:45
Маңғыстаулық кәсіпорындар еліміздің үздік компаниялары қатарына қосылды

Астанада ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының лауреаттарын, сондай-ақ «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Жеңімпаздар қатарында Маңғыстау облысынан бес компания бар, деп хабарлайды otpannews.kz.

 

«Алтын сапа» байқауына еліміз бойынша 222 компания қатысып, оның 40-ы финалға өтті. Қорытындысында өндірістік ұйымдардан бастап инновациялық жобаларға дейін 14 кәсіпорын түрлі номинацияларда лауреат атанып отыр.

 

Маңғыстаудан «OSS-Kazakhstan» ЖШС «Өндірістік мақсаттағы кәсіпорын» номинациясында жеңіске жетті. Компанияның басшысы - Шыңғыс Есбосынов.

 

«Іскер» премиясы «Кеме жабдықтары және сервис» ЖШС компаниясының директоры Дмитрий Донскихқа табысталды. Компания азаматтық және әскери кемелер салумен айналысады және ішкі, сыртқы нарыққа өнім шығару бойынша үлкен тәжірибеге ие. Осы премиямен «Gefest Solution Qazaqstan» ғылыми-өндірістік компаниясы да марапатталды. Компания өнеркәсіптік салаға инновациялық өрт сөндіру технологияларын енгізуде. Компанияның негізін қалаушы - Артём Донченко.

 

«Іскер» премиясына ие болған тағы бір кәсіпорын - «М-СтройТранс». Компания құрылыс-монтаж жұмыстары, металлконструкция дайындау, спорт-сауықтыру кешендері, балалар ойын алаңдары және түрлі нысандар салу қызметін көрсетеді. Басшысы - Бекзат Алапанов.

 

Сонымен қатар Айнагүл Жұмағали басқаратын Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі «Кәсіби маман» байқауында «Үздік колледж» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

50
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!