Otpan News Logo

Оқушылар мектеп сөмкесін аквариум, чемодан, себеттер мен өзге де қызықты заттарға алмастырды

|
05.12.2025 18:25
Оқушылар мектеп сөмкесін аквариум, чемодан, себеттер мен өзге де қызықты заттарға алмастырды

Ақтаудағы "Ulzhan" зияткерлік мектебінде рюкзаксыз күн ұйымдастырылды. Оқушыларға оқулықтары мен дәптерлерін сөмкеден басқа кез келген затқа салып әкелу ұсынылды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


"Ulzhan" мектебінің оқушыларына қиялға ерік беріп, шығармашылыққа толы идеяларын көрсетуге мүмкіндік берілді. Мектепке таңертең келген оқушылар арасында чемодан және жол сөмкелерімен, себет пен жаңа жылдық тәттілер салатын қаптармен, үй жануарларына арналған тасымалдағыштармен және қораптармен, ойыншықтар мен жастықтармен, сөмке-авоськалармен және шоперлермен, домбыра салуға арналған қап және кір себеттерімен, тіпті аквариум, қармақпен, 5 литрлік баклажкалармен және қуыршақ арбасымен келгендер де болды.


Ең қызықты “сөмке” асынған жеңімпаздар дипломдармен, тәтті сыйлықтармен және үстел ойындарына арналған қажеттіліктермен марапатталды.


45
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!