Otpan News Logo

Маңғыстау туризм колледжі халықаралық сыйлықтың жеңімпазы атанды

|
05.12.2025 18:43
Маңғыстау туризм колледжі халықаралық сыйлықтың жеңімпазы атанды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Астанада өткен “Игі істер” марафоны жобасы аясында Маңғыстау туризм колледжі “Инклюзивті келешек” номинациясы бойынша халықаралық сыйлықтың жеңімпазы атанды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты. 


Бұл марапат – колледждің бір жыл бойы инклюзивті қоғам қалыптастыру жолындағы жүйелі еңбегінің жемісі. 


“Осы уақыт ішінде біздер мүмкіндігі шектеулі балалардың аналарына шаш үлгілерін жасаудан, нан өнімдерін дайындаудан, торт жасаудан шеберлік сағаттарын өткіздік. Сондай-ақ көп балалы отбасыларға оқу құралдарын сыйға тартып, ерекше балаларға арналған құм терапиясы бойынша бірнеше сеанс жүйелі түрде ұйымдастырылып, талай жанға қуаныш пен қолдау сыйладық”,- деп хабарлады колледж мамандары. 


Марапат ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваның атынан табысталды. 


“Бұл жеңіс – колледж ұжымының жанашырлығы, еріктілікке деген жауапкершілігі және қоғамға пайдалы болуға деген шынайы ниетінің айқын көрінісі”,- деп бөлісті Маңғыстау туризм колледжінің өкілдері. 
46
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!