Мемлекет басшысы: «Алдымызда бизнес бетпе-бет келетін әкімшілік кедергілерді азайту міндеті тұр»
Президент Экономиканы сапалы дамыту үшін реформаларды жалғастыру керектігін айтты. Ең алдымен, экономиканың тиімділігі мен әлеуетін арттыру – басты мақсат, деп хабарлайды otpannews.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.
“Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий жарияланды. Бәсекелестік ортаға берілетін 473 нысанның тізімі жасалды. Сарапшылардың есебі бойынша, бұл кәсіпкерлерге шамамен 3,5 триллион теңге пайда табуға мүмкіндік береді. Алдымызда бизнес бетпе-бет келетін әкімшілік кедергілерді азайту міндеті тұр. Бұған дейін заңнаманы түгел тексеріп, оны жетілдіру жөнінде тапсырма берген болатынмын. Ол үшін Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің жанынан Интеллект арқылы реттеу орталығы құрылады, Міндетті талаптар тізімі енгізіледі. Сондықтан Үкімет пен бизнес-қоғамдықтың үйлесімді әрекет етуін, әсіресе, цифрлық ықпалдастықты күшейту керек. Кәсіпкерлер бюрократияның азайғанын сезінуге тиіс, яғни бұл өткеннің еншісінде қалуы керек. Үкімет пен қадағалаушы органдарға осындай міндет жүктеймін. Бағаның еркін нарық талаптарына сай қалыптасуы, мемлекет иелігінен жаппай шығару және икемді реттеу саясаты – экономиканың табысты трансформациясының кепілі»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы сотта қаралған істердің жартысынан көбі азаматтар мен бизнестің пайдасына шешіліп жатқанын мәлімдеді.
«Бизнестің мүддесі мен құқығын қорғау мәселесі – біздің алдымызда тұрған аса маңызды міндет. Соңғы жылдары құқық және сот жүйесін жаңғырту үшін ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Әкімшілік әділет институты пайда болды. Бұл бастамалар қазірдің өзінде жақсы нәтиже бере бастады. Сотта қаралған істердің жартысынан көбі азаматтар мен бизнестің пайдасына шешілуде. Бизнесті негізсіз тексерулер мен заңсыз қылмыстық қудалаудың алдын алу бойынша белсенді жұмыс атқарылып жатыр. Экономикалық қылмыстарды декриминализациялау жүргізілді. Мұның бәрі «Заң мен тәртіп» қағидатының орныға түсуіне ықпал етеді. Бас Прокуратураның Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комитеті жыл соңына дейін Инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі комитет болып өзгереді. Ірі инвесторларға арналған «Жасыл дәліз» жүйесі іске қосылды. Енді оларға рұқсатнама құжаттары тез берілетін болды»,- деді Президент.
35
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев