Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Ақтауда өткен «Отбасы Fest-те» Ziruza мен Algyt өнер көрсетті

|
25.10.2025 17:51
Ақтауда өткен «Отбасы Fest-те» Ziruza мен Algyt өнер көрсетті

Ақтауда Республика күніне арналған «Отбасы – бақыттың бастауы» атты «Отбасы Fest» мерекелік фестивалі өтті. Шараға эстрада жұлдыздары Зируза мен Алғыт хедлайнер ретінде қатысып, тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлады, деп хабарлайды otpannews.kz.


Фестиваль қатысушылары сүйікті әншілері Зируза мен Алғыттың әндерін бірге шырқап, әсерлі кештің куәсі болды.


Шараны ұйымдастырушы Маңғыстау жергілікті бастама орталығы қоғамдық қоры Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясында өткен фестиваль отбасылық құндылықтарды дәріптеу мен қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ фестиваль – отбасы мен қоғам арасындағы байланысты күшейтуге, ұрпақ тәрбиесі мен бірлікке негізделген мәдени шаралардың қатарын арттыруға жасалған маңызды қадам болды деп бағалады.


Айта кетейік, іс-шарада түрлі шеберлік сағаттары, спорттық жарыстар, отбасылық викториналар, көрме мен жәрмеңке ұйымдастырылды.

77
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!