Жарнама бөлімі: 
+7 778 145 90 93
Редакция: 
+7 (7292) 20 48 34

Маңғыстауда жол-көлік апатынан 10 адам қаза тапты

Гүлмира Аманжолқызы
|
11.09.2025 20:19
Маңғыстауда жол-көлік апатынан 10 адам қаза тапты

Оқиға бүгін Қарақия ауданы Сенек елдімекенінен 90 шақырым қашықтықта орналасқан автожолда болған, деп хабарлайды otpannews.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 


Полиция департаментінің хабарлауынша, алдын ала мәліметтер бойынша «Toyota Hiace» маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, салдарынан көлік жол шетіне аударылып кеткен. Көліктің ішінде жолаушылар болған.


Жол апатының салдарынан 8 адам оқиға орнында көз жұмды, тағы екі адам ауруханаға жеткізу барысында қайтыс болды. Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, — делінген хабарламада.


Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

87
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!