Otpan News Logo

Маңғыстауда заңсыз сақталған бес келі қара уылдырық тәркіленді

Маңғыстауда заңсыз сақталған бес келі қара уылдырық тәркіленді

«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында облыстық Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 38 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды otpannews.kz МО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мұнайлы ауданы аумағынан жалпы салмағы 5 келіден асатын қара уылдырық салынған ыдыстар тәркіленген.


Осы факті бойынша сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерімен, сондай-ақ олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз сақтау және айналымға жіберу бабымен қылмыстық іс қозғалған.


Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды.

51
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!