Otpan News Logo

Доссор – Құлсары автожолында жол белгілерінің тозу, бүліну дерегі анықталды

|
03.06.2026 11:14
Доссор – Құлсары автожолында жол белгілерінің тозу, бүліну дерегі анықталды

Маңғыстауда «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында республикалық маңызы бар KAZ11 «Доссор – Құлсары» автомобиль жолының 210–786 шақырым аралығында жол белгілеріне тексеру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды otpannews.kz.


Тексеру барысында жол бойында орнатылған жол белгілерінің техникалық жай-күйі, көріну деңгейі, стандарт талаптарына сәйкестігі және жүргізушілер үшін ақпараттық маңыздылығы зерделенді. Нәтижесінде жол белгілердің бүлінуі, тозуы немесе ауыстыруды қажет ететін тұстары анықталып, тиісті ұсыныс берілді.



«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» мұндай жұмыстар жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін арттыруға, жүргізушілерге қолайлы жағдай жасауға және автомобиль жолдарының нормативтік талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

80
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!