Otpan News Logo

Кендірлі жағалауында жүздеген адамды біріктірген «Caspian Eco Fest» өтті

Кендірлі жағалауында жүздеген адамды біріктірген «Caspian Eco Fest» өтті

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қолдауымен Кендірлі теңіз жағалауында ауқымды «Caspian Eco Fest» экологиялық фестивалі ұйымдастырылды, деп хабарлайды otpannews.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.


Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шараның ұйымдастырушылары - «Gibrat Pro» қоғамдық қоры және «Жасыл жебе» еріктілер корпусы.


Экологиялық бастама теңіз маусымының ашылуына орай өткізіліп, табиғатты қорғау, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруды және жастардың экологиялық белсенділігін арттыруды мақсат етті.


Шараға Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсел Балманова, сондай-ақ Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Мекен Уйсенов қатысты. Қатысушылар экологиялық акцияның маңыздылығын атап өтіп, мұндай бастамалардың өңірдің экологиялық мәдениетін дамытудағы рөлін ерекше белгіледі.


Фестиваль аясында қатысушылар Кендірлі жағалауын қоқыстан тазарту бойынша кең көлемді сенбілікке қатысып, табиғатты қорғау жұмыстарына белсенді атсалысты. Сонымен қатар, теңіз жағалауында эко-пикник ұйымдастырылып, командалық ойындар мен түрлі белсенділік алаңдары ұсынылды.


Іс-шара барысында «Мұнайшы» мәдениет үйінің өнерпаздары және жергілікті шығармашылық ұжымдар сахна төрінде өнер көрсетіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

77
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!