Otpan News Logo

Жас муай тай шеберлеріне құрмет көрсетілді

|
30.05.2026 09:44
Жас муай тай шеберлеріне құрмет көрсетілді

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Бекзат Жүсіп халықаралық және республикалық жарыстарда топ жарған жас спортшылар мен олардың жаттықтырушысын қабылдап, қала әкімінің атынан арнайы құттықтады.


Кездесу барысында спортшыларға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталып, ел абыройын асқақтатқан жетістіктері үшін ризашылық білдірілді.


Айта кетейік, Түркияның Кемер қаласында 2026 жылдың 24–30 наурызы аралығында өткен Муай Тайдан Әлем кубогында:

– Лес Ариана — I орын;

– Орынбасар Абдумалик — II орын иеленді.


Сонымен қатар, 2026 жылдың 26–30 сәуірі аралығында Астана қаласында өткен Қазақстан чемпионатында Мамаев Сайфуллах чемпион атанып, I орынды жеңіп алды.


Қала әкімінің орынбасары жас спортшылардың жетістігі — табанды еңбек пен жүйелі дайындықтың нәтижесі екенін атап өтіп, жаттықтырушы Ержанов Жәдігер мен жас спортшыларға алдағы жарыстарда жеңіс тіледі.

61
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!