Otpan News Logo

Ақтаудың жоғарғы шағынаудандарында иесіз жылқылар жайылып жүр

Ақтаудың жоғарғы шағынаудандарында иесіз жылқылар жайылып жүр

Ақтау тұрғындары қаланың жоғарғы шағынаудандарында қараусыз жайылып жүрген жылқылардың көбейгеніне алаңдаушылық білдіріп отыр. Олардың айтуынша, жануарлар көшелер мен аулаларда еркін жүріп, жасыл желектерді бүлдіріп, тұрғындарға қолайсыздық туғызып жатыр, деп хабарлайды otpannews.kz.


Бұл жолы халық жылқылардың 32А және 32Б шағынаудандарында жүргенін байқаған. Тұрғындардың сөзінше, күн жылынған сайын мұндай жағдайлар жиілеп барады. Сондай-ақ олар ірі қара мен жылқылардың жол бойында жүруі көлік жүргізушілері үшін қауіп төндіретінін айтады.


Мұнда тұтас бір үйір жүр. Жануарлар ағаштар мен жасыл желектерді жеп жатыр. Қала әкімдігінен бақылауды күшейтіп, қала аумағында қараусыз жайылып жүрген малға қатысты шара қабылдауды сұраймыз. Жауапты қызметтердің жедел әрекет етеді деп үміттенеміз, – дейді қала тұрғындары.


Редакция бұл мәселеге қатысты Ақтау қаласы әкімдігінің пікірін күтуде. Қала билігі жылдан-жылға қайталанып келе жатқан түйткілді қалай шешетіні әзірге белгісіз.

96
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!