Otpan News Logo

Бибісара Асаубаева Норвегиядағы беделді турнирде көш басындағы орнын нығайтты

Бибісара Асаубаева Норвегиядағы беделді турнирде көш басындағы орнын нығайтты

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Ослода өтіп жатқан Norway Chess 2026 супертурнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізіп, турнир кестесіндегі көшбасшылық орнын сақтап қалды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Жетінші турда Асаубаева қытайлық Чжу Цзиньэрмен кездесіп, сенімді жеңіске жетті. Партия барысында қазақстандық шахматшының ойын дәлдігі 97,4 пайызды құрады. Бұл нәтиже оған көш басындағы орнын одан әрі нығайтуға мүмкіндік берді.


7 турдан кейінгі турнирлік кесте:


1-орын — Бибісара Асаубаева (Қазақстан) — 12,5 ұпай

2-орын — Дивья Дешмух (Үндістан) — 10 ұпай

3-орын — Анна Музычук (Украина) — 9,5 ұпай

4-орын — Цзюй Вэньцзюнь (Қытай) — 9 ұпай


Асаубаева ең жақын қарсыласынан 2,5 ұпайға ұзап кетті. Өткен жылғы турнир жеңімпазы Анна Музычук үздік үштікті түйіндесе, қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюнь төртінші орында келеді.

118
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!