Otpan News Logo

Маңғыстау облыстық ана мен бала орталығында Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

|
04.06.2026 10:08
Маңғыстау облыстық ана мен бала орталығында Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Маңғыстау облыстық ана мен бала орталығында «Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы» атты салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды otpannews.kz денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. 


Іс-шара барысында ұжым мүшелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындап, мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы туралы ақпараттық бөлімге қатысты. Сондай-ақ «Тарих тағылымдары – біздің рәміздер» атты танымдық бейнеролик көрсетілді.


Қатысушыларға Мемлекеттік Тудың, Елтаңбаның және Әнұранның авторлары туралы мәліметтер таныстырылып, олардың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы тарихи рөлі кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар рәміздерге қатысты шағын викторина ұйымдастырылып, қызметкерлердің білімдері сыналды.


Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мәдениетін қалыптастыру, патриоттық құндылықтарды насихаттау және қызметкерлердің елге деген сүйіспеншілігін арттыру.


Орталық басшысының айтуынша, Маңғыстау облыстық ана мен бала орталығының ұжымы үшін бұл мерекенің маңызы ерекше. Себебі орталықта дүниеге келетін әрбір сәби – Тәуелсіз Қазақстанның жаңа азаматы, еліміздің болашағы мен жарқын келешегі.

53
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!