Otpan News Logo

Маңғыстау прокуратурасы балаларды қорғау күніне орай мерекелік акция өткізді

Маңғыстау прокуратурасы балаларды қорғау күніне орай мерекелік акция өткізді

Балаларды қорғау күніне орай Маңғыстау облысының прокуратурасы балалардың құқықтарын қорғауға, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған мерекелік іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды otpannews.kz.


Мерекелік акцияға 300-ге жуық бала қатысты. Олардың қатарында инклюзивті білім беру ұйымдарының оқушылары да болды. Іс-шара барысында балалар асфальтқа сурет салып, өздерінің бақытты, мейірімді әрі қауіпсіз балалық шақ туралы армандарын бейнеледі.


Барлық шығармашылық жұмыс «Заң мен тәртіп» жазуының маңында орындалды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл балалардың қауіпсіздігі, құқықтарының қорғалуы және олардың аман-сау өсуі заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіптің сақталуымен тығыз байланысты екенін білдіреді.


«Заңды құрметтейтін ұрпақ» жобасы аясында өңірде бірқатар іс-шара ұйымдастырылуда. Бүгінгі акция да балаларды қорғау күніне орай өткізіліп отыр. Балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау – прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі. Сондықтан мұндай шаралар арқылы өскелең ұрпаққа қолдау көрсетіп, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлауды мақсат еттік. Іс-шараға қатысқан әрбір балаға сыйлықтар табысталды, – деді Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары Сәкен Самет.


Іс-шара жылы әрі көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, балаларға мерекелік әсер сыйлады.

84
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!