Otpan News Logo

«Қара бура» таңдауын жасады

|
15.03.2026 16:49
«Қара бура» таңдауын жасады

«Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің «Күміс белбеу» иегері, Бейнеу ауданының мақтанышы Нұрдәулет Жарылғапов «Қара бура» референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.


Белгілі спортшы ел үшін маңызды саяси науқаннан шет қалмай, азаматтық ұстанымын білдірді.


Өз сөзінде ол: «Еліміздің болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте әр азамат белсенді болуы керек деп ойлаймын. Сондықтан бүгін референдумға келіп, өз таңдауымды жасадым. Бұл – әрқайсымыздың ел алдындағы міндетіміз», – деді.


Айта кетейік, аудан тұрғындары референдумға белсенді қатысып, өздерінің азаматтық позицияларын білдіруде.

28
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!