Ирина Беляева: Ең бастысы – таңдау жасау маңызды
Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Ирина Беляева республикалық референдум аясында өз таңдауын жасады. Қоғам белсендісі №35 сайлау учаскесіне арнайы келіп, азаматтық парызын орындады.
Ирина Беляева ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқандарға әрбір азаматтың бейжай қарамауы керектігін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай сәттерде халықтың белсенділігі мен жауапкершілігі ерекше маңызға ие.
Депутаттың пікірінше, елдің болашағына бейжай қарамайтын әрбір азамат өз таңдауын жасап, ортақ іске үлес қосуы қажет. Ол референдум – халықтың пікірін білдіретін, мемлекет дамуының маңызды бағыттарын айқындайтын маңызды тетік екенін айтты.
Ирина Беляева қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтау, елдің жарқын болашағын қалыптастыру жолында әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін жеткізді.
- Дауыс беретін учаскеме келдім. Мұнда келіп жатқан халықтың саны көп екен. Мен өз дауысымды бердім. Бұл саяси науқанда ең бастысы – таңдау жасау маңызды, – деді Ирина Беляева.