Ақтауда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Ақтау қаласында әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне орай жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды otpannews.kz сайты Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шара халықты еңбек нарығына тарту, жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында тікелей байланыс орнату, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар аясындағы қолдау мүмкіндіктерін түсіндіру мақсатында өткізілді.
- Жәрмеңкеге қаладағы ірі және шағын кәсіпорындар, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты. Барлығы 32-ден астам ұйым өздерінің бос жұмыс орындарын ұсынды, нәтижесінде 160-тан астам тұрақты және уақытша қызметтер ұсынылды, - деді Ақтау қалалық Мансап орталығы филиалының директоры Ботагөз Карамурзаева.
Шара барысында қатысушылар жұмыс берушілермен жеке сұхбаттасып, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен мемлекеттік қолдау тетіктері туралы жан-жақты ақпарат алды.
Жәрмеңкеге қатысқан тұрғындардың бірі шараның жұмыс табуға үлкен мүмкіндік бергенін атап өтті. Оның айтуынша, жәрмеңке барысында өз мамандығына сай тұрақты жұмыс табуға мүмкіндік алған.
- Осындай іс-шара өтетінін әлеуметтік желіден біліп, арнайы келдім. Жәрмеңке барысында өзіме ұнаған жұмыс орнын таптым. Осындай мүмкіндік жасап отырған қалалық Мансап орталығына және әкімдікке алғысымды білдіремін, — деді тұрғын Азамат Әлімбай.





