Otpan News Logo

Мұнайлы ауданында 7 дәрігер жетіспейді

|
12.11.2026 10:34
Мұнайлы ауданында 7 дәрігер жетіспейді

OTPANNEWS.KZ. - Мұнайлы ауданында тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ медицина мамандарын тарту бағытында бірқатар жұмыстар жүріп жатыр.


Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері 150 орындық орталық аудандық ауруханаға 33 дәрігер жұмысқа қабылданды.


Сонымен қатар, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында 34 дәрігерге 100 АЕК көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіліп, 6 дәрігер тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта ауданда 7 дәрігерлік штат бойынша маман тапшылығы бар.


Бүгінде аудан аумағында барлығы 18 денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді. Сонымен қатар, тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жетілдіру мақсатында Үздік тәжірибе орталығы қызмет атқаруда. Аталған шаралар аудан тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсетуге бағытталған.

4
Комментарии
Комментарии
Нет комментариев
Соңғы жаңалықтардан хабардар бол!